Отбасылық қалжың немесе тауып алған ауру
5-6 жасым, дәл осы Әминадай кезім. Ауылда шөптің үстіне шығып ойнау әдетім еді. Үйдегілерден күнде ескерту алам: "Ә-ә-й, қораға шықпа! Құлайсың!". Бір күні айтқандары болды ғой. Ұшып түстім. Маған қарай жүгіріп келе жатқан әпкемді көріп талып қалыппын. Ауылымыздағы емханада он күндей анаммен бірге жатып шықтым. Тыныш жатудың орнына, ол жерде де тіл алмай, тынымсызданып тұрып алып жүріп, соңында бас ауыратын әдет пайда болды. Кейін басым қатты ауыра беретін болғасын Алматыдағы дәрігерлерге келіп қаралдым. Ол кісілер бас зақымданғандықтан тыныштық болмағанын айтып, "черепное давление" деген...