Шынайы махаббаттың мәні
Шынайы махаббаттың мәні

Аллаға деген махаббат ол - адамның рақат пен берекенің, бақыт пен жүрек тыныштығын сезінудің кепілі. Мына бір оқиға соған дәлел болмақ.

Бір кісі өзіне құл сатып алады. Құлы болса әдеттегі адамдардан биязылығымен қатар тақуалығымен,  қандай күй кешсе де Раббысына риза болуымен ерекшеленіп тұратын еді. Үйге жеткенше қожайыны мен құлдың арасында кішігірім сұқбат өрбиді. Қожайын:

- Сен қандай тағаммен тамақтанғанды дұрыс көресің?

Құл:

- Сіз ұсынған тағаммен тамақтанар едім. 

Қожайын:

- Қандай киім кигенді қалайсың? 

Құл:

- Сіз ұсынған киімді киер едім. 

Қожайын:

- Менің үйімде қай бөлмені қалар едің?

Құл:

- Сіз ұсынған бөлмені қалар едім.

Қожайын:

- Қандай жұмыстарды атқарғың келеді?

Құл:

- Сіз ұсынған барлық жұмысты атқарар едім.

Қожайыны біраз уақыт терең ойға беріліп, жүзін жуған жасты сүртіп тұрып:

- Еһ, мен де Раббыммен осындай қарым-қатынаста болсам ғой. Сондай бақытты болар едім... Сені еркіңе жіберемін. Сен Алла разылығы үшін азатсың. Бірақ мен сенің кеткеніңді қаламаймын. Мен барыммен саған қызмет еткім келеді" - деген екен.

Ғалия ӘбдіғаниқызыҒалия Әбдіғаниқызы
9 жыл бұрын 3516
2 пікір
Блог туралы