Райымбек ауданы, Қақпақ ауылында орналасқан саусақ тасты әкем жанынан өткен сайын көрсетеді. Осы жолы наурыздағы мерекеде ауылға өзіммен фотоаппаратымды да ала барғанмын. Әкем соны пайдаланып, саусақ тасты арнайы естелік үшін суретке түсіруімді өтініп, өзімен бірге тауға алып барған еді. Көзімді ашқалы сол өңірдің табиғатына тамсануымды тоқтатқан емеспін. Таза ауасымен, биік тауларын қалың қарағай көмкеріп жататын тамаша табиғатты жаратқан Раббымның құдіретінің алдында басыңды имеу мүмкін емес!
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Бөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "Количество мечетей в основных мусульманских страна..."бірнеше секунд бұрынАскар Искаков жаңа жазба қосты: "10 оздоровительных эффектов поста в Рамадан..."19 сағат бұрынДәурен жаңа жазба қосты: "Свежая инновация: история одежды с кондиционером..."2 күн бұрынАскар Искаков жаңа жазба қосты: "Можно ли читать таравих после витр-намаза?..."2 күн бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Нарушает ли пост жевание безвкусной жвачки?..."3 күн бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЙ МЕН КЕДЕЙДІҢ АС МӘЗІРІНДЕ ҚАНШАЛ..."3 күн бұрын2023, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Қаладан іздеп жүрмегін!
Үйіме де іздеп кірмегін!
Аязды боран, ақ таудың
Арасында өмір сүргемін.
Солармен мәңгі біргемін.
Жетелеп мені ілгері,
Күндерім менен түндерім,
Төсек caп қардан бір керім,
Қарыма құрық ілгемін.
Іздесең мені кімде-кім,
Сол жерден келіп бір көрін!- деп мұзбалақ ақын Мұқағали жырлап кеткен ол өлкенің табиғатын жаратқан Раббымның құдіретінің алдында бас имеу мүмкін емес, әрине!