Дінге берік, тақуалықпен өмірін өрнектеген мұсылман әйел өз балаларына әрқашан ана сүтін Құранның жүрегі саналған "Ясин" сүресін оқып отырып береді екен. Яғни, баласын емізерден бұрын жақсылап дәрет алып, сосын ана сүтін баласына берер кезінде: "Бисмилләһир рахманир рахим. Ясиин. Уәл Қуранил хаким" деп бастап, "Ясин" сүресін толығымен оқып шығады. Алланың құдіреті "Ясин" сүресін аяқтағанда, бала да ана сүтін емуді тоқтатады екен.
Уақыт өте келе мұсылман әйелдің бұл амалы балаларының ислами тәрбиемен өсіп-жетілуіне және ілім иесі болуына үлкен септігін тигізе түседі. Балалары да ана сүтін ақтап, бір-бір ғалым дәрежесіне жетеді. Балаларының жетістігіне қуанған ана әрдайым Аллаға мақтау айтып, шүкіршілік жасайды.
Балаларына да: "Ей, ұлдарым! Жеткен жетістіктеріңді, жақсылықтарыңды өзімдікі деп санамаңдар, оның бәрі Алладан берілді деп біліңдер. Мен тек сендерді "Ясин" сүресімен бағып-қақтым",- дейді екен.
Қайырбек Отызбаев, "Иманғали" орталық мешітінің наиб имамы.