Отбасылық қалжың немесе тауып алған ауру
Отбасылық қалжың немесе тауып алған ауру

5-6 жасым, дәл осы Әминадай кезім. Ауылда шөптің үстіне шығып ойнау әдетім еді. Үйдегілерден күнде ескерту алам: "Ә-ә-й, қораға шықпа! Құлайсың!". Бір күні айтқандары болды ғой. Ұшып түстім. Маған қарай жүгіріп келе жатқан әпкемді көріп талып қалыппын.

Ауылымыздағы емханада он күндей анаммен бірге жатып шықтым. Тыныш жатудың орнына, ол жерде де тіл алмай, тынымсызданып тұрып алып жүріп, соңында бас ауыратын әдет пайда болды. Кейін басым қатты ауыра беретін болғасын Алматыдағы дәрігерлерге келіп қаралдым. Ол кісілер бас зақымданғандықтан тыныштық болмағанын айтып, "черепное давление" деген диагноз қойды. Ауруды жаратқан Алла, ауруды тауып алатын өзіміз екеніне осы сияқты көптеген жағдайларға көзім жетіп келеді. Денсаулықтың қадірін жас болғасын, ауырмағасын біле бермейтініміз шындық... Осылай анда-санда басым сыздай қалса, үйдегілер кейде: "Ә-ә-әй, қораға шықпа! Құлайсың дедік", деп еске алып бір күліп аламыз. Осы оқиға қартайғанша айтылатын отбасымыздағы шыны аралас қалжың болып қала бермек.

Ғалия ӘбдіғаниқызыҒалия Әбдіғаниқызы
2 года назад 488
3 комментария
  • сау басқа сақина деген осы
    2 года назад
  • Бірде ініме су шашам деп әкемнің бойы ұзын досы кіріп келе жатып сол кісіге шашып жіберіппін. Әкем бізбен мәз боп күліп тұрғанда досы кетіп қалған ренжіп. Сондай қызықты оқиғалар көп болған.
    2 года назад
  • Ал мен Жеңгеммен су шашып ойнаймын деп 1 жарым ай бүрын жіберіп аман есен Інжу атты қызды болған еді!
    2 года назад
О блоге