Саусақ тас

Райымбек ауданы, Қақпақ ауылында орналасқан саусақ тасты әкем жанынан өткен сайын көрсетеді. Осы жолы наурыздағы мерекеде ауылға өзіммен фотоаппаратымды да ала барғанмын. Әкем соны пайдаланып, саусақ тасты арнайы естелік үшін суретке түсіруімді өтініп, өзімен бірге тауға алып барған еді. Көзімді ашқалы сол өңірдің табиғатына тамсануымды тоқтатқан емеспін. Таза ауасымен, биік тауларын қалың қарағай көмкеріп жататын тамаша табиғатты жаратқан Раббымның құдіретінің алдында басыңды имеу мүмкін емес!

Ғалия ӘбдіғаниқызыҒалия Әбдіғаниқызы
2 жыл бұрын 439
4 пікір
  • Іздесең мені кімде-кім,
    Қаладан іздеп жүрмегін!
    Үйіме де іздеп кірмегін!
    Аязды боран, ақ таудың
    Арасында өмір сүргемін.
    Солармен мәңгі біргемін.
    Жетелеп мені ілгері,
    Күндерім менен түндерім,
    Төсек caп қардан бір керім,
    Қарыма құрық ілгемін.
    Іздесең мені кімде-кім,
    Сол жерден келіп бір көрін!- деп мұзбалақ ақын Мұқағали жырлап кеткен ол өлкенің табиғатын жаратқан Раббымның құдіретінің алдында бас имеу мүмкін емес, әрине!
    2 жыл бұрын
  • Сонда неге саусак тас деп атаған?
    2 жыл бұрын
  • ал адамның саусақтары "Аллаһ" деген жазуға қатты ұқсайды ғой :)
    2 жыл бұрын